Досжан ишан Батыс Қазақстан аумағында ислам дінін таратуды жаңа, биік деңгейге көтерді. Ол — аймақ қазақтарының арасында қажылық сапарды ұйымдастыру, араб елінде, Меккеде қажыға барған қазақтардың түсетін тәкия үйін салдыру, «Қазақ шежіресін» құрастыру және ХІХ ғасырдың 80-жылдары отарлаушы үкіметтен «қазақтар үшін бөлек мүфтилік» талап ету, т.б. аянбай еткен еңбегі арқылы тарихта қалған тұлға.

Өз заманында әрі Хазірет, әрі ишан атағын алып,  ұлы Жаратушы Алланың барлығы мен бірлігін растап, хақ дініміз исламның иманды жолын бүгінгі ұрпаққа жеткізіп, насихаттауда Хазірет Досжан ишанның қосқан үлесі ұшан-теңіз деп білеміз. Ақтөбе облысында Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында, Хазірет Досжан ишанның 200 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өткен. Алашқа аты мәшһүр мұндай тұғырлы, текті тұлғаларды тек, атаулы күндерде ғана еске алмай, күнделікті өмірімізде насихаттап, олардың асыл мұраларын бүгінгі ұрпаққа жеткізе білсек құба-құп болар еді. Қазіргі уақыттаДосжан ишан мешітінің төбесі құлаған, қабырғалары ғана тұр. Уақыт пен табиғат әсерінен жылдан-жылға шөгіп барады. Жәдігер ретінде мешіт қабырғасын сақтап қалу мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Хазірет қабірі үстіне күмбезді кесене тұрғызылады. Зиярат жасап келуші жолаушылар үшін қонақ үй, киіз үй формасындағы 200 адамдық асхана, көлік тұрағы, көмекші шаруашылық үйлері салынады. Мешіт жанындағы өзен мен бұлақ көзі тазартылады. 10 гектар жерге бау-бақша мен жеміс ағаштары егіледі. 

Досжан ишан кешенінің болашақ көрінісі. Виртуалды сапар

Досжан ишан мешіті

Досжан хазірет мешітінің картада орналасуы:

Досжан ишан мешіті

Досжан хазірет мешітіне бағыт салу ( 49°06’35.1″N 56°28’17.3″E ):

Пікір қалдыру