Асан қожа Піруәлиұлы (XVII-XVIII ғғ.) – Табын руының пірі. Діни ағартушы, хазірет, сөзге шешен адам болған. Асан қожа қорымы Ақтөбе  облысы,  Байғанин  ауданы,  Оймауыт  ауылынан  батыс  оңтүстік  батысқа  қарай  43  шақырым  қашықтықта орналасқан. 
Жем  өзенінің  сол  жақ  атырабында  орналасқан  жаңа  дәуірдегі  қазақ  
елінің ең ірі қорымдарының бірі. Қорым ауданы шағын, әртүрлі қабірүсті  
ғимараттарға (барлығы 264 нысан анықталған) бай. 
Олардың ішінде борлы әктастан қаланған мавзолей, қашалған тастар- 
дан сағанатамдар, тас және саз кірпішті қоршаулар, сандықтас, құлпытас,  
«қойтастар» бар.  
Көп  жағдайда  құлпытастар  басқа  ескерткіштермен  біріктіріліп  
қондырылған. Нысандар ішінде сәулет және сурет өнерінің туындысындай  
үйлесім тапқан ХХ ғасырдағы 13 және 164 нысан ескерткіш сағанатамдары  
ерекшеленеді.  Бейіттің  батыс  жақ  бөлігінде  өзінің  реликті  пішінімен  
қызықты  сандықтастар  орналасқан.  Құлпытас,  қойтастардың  азғантай  
тобын  көруге  болады.  Олардың  ішінде  анық  бөліктермен  анық  кесу  
тәсілімен  жасалынған  архаикалық,  жаңа  түрлері  кездеседі.  Құлпытастың  
батыс бөлігінде негізінен қазақ тіліндегі араб жазбалары тамғамен байла- 
ныстырылып жазылған. Қорымның көптеген ғимараттары жоғары техни- 
калы кесу (қашау, тесу, тегіс рельефті және бөлшектерді көлемді көрсету)  
әдісімен жасалынған. 

Секция бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.