«ДОСЖАН ХАЗІРЕТ» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ

Хазірет Досжан ишан (1815-1890) жетпіс бес жыл өмір сүрген. Соның отыз жылын дін ғылымын оқуға, қырық жылын ұстаздық қылып шәкірт тәрбиелеуге арнаған екен. Екі жерде мешіт-медресе салдырған. Үш рет қажылық парызын орындаған. Екі мыңнан астам шәкірті аяғы жеткен жерге барып ілім-білім таратқан. Хазірет 19 ғасырдың екінші жартысында қазақ ұлты үшін бөлек мүфтилік ашуға ұмтылғанда – […]

«ДОСЖАН ИШАН МЕШІТІ» ТАРИХИ КОМПЛЕКСІ

19 ғ. екінші жартысында патшалық Ресей қазақ даласын толық құрсауға алып, отарлаудың экономикалық және рухани кезеңіне кірісті. Орынбор губерниясына қараған өңірдің қақ ортасына 1868 жылы Ақтөбе бекінісінің (1869 ж. ашылды), 1869 жылы Темір қаласының іргесі қаланды. Құрамына 17 болыс кірген Темір уезі құрылды. Қазіргі Ақтөбе облысының үштен бірі, яғни Мұғалжар, Темір, Байғанин, Ойыл ауданы түгелдей, […]

ҚҰДАЙДЫҢ БЕРЕРІ ТАУСЫЛМАСЫН

Мырзабай ахунның Бұхараның медресесінде оқып жүрген баласы мезгілсіз дүние салыпты. Баланың қазасын естірту үшін Қайқы батыр, Алданазар би және Қалжан ахун үшеуі жолға шығады. Жолай үшеуі «Қазаны қайсымыз естірткеніміз жөн» деп кеңеседі. Алдымен Қалжан ахунға қолқа салып: — Сіздің ахун деген атыңыз бар. Әйгілі Көкілташта оқыдыңыз. Дін жоралғысын айтып, қазаны сіз естірткеніңіз жөн шығар, — дейді. Қалжан ахун: […]

ХАЗІРЕТ МӨРІ ИЕСІНЕ ОРАЛДЫ

Қашақұлы Досжан ишан туралы бұған дейін бірнеше рет жаздық. Досжан хазіреттің қолданған мүлкінен қазір бары – Құран кітабы мен мөрі. Құран кітабын немересі Зайыт ишан ұн салған жәшіктің түбін екі қабаттап, ортасына тығып сақтаған. Ұрпақтары Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жәшіктен шығарып, төрдегі құрметті орынға қойған. Бұл кітаптың сканерден өткізілген нұсқасын https://izbasar.kz порталынан көруге болады. Мөрі […]

МӨРЛІ ЖҮЗІКТІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

Мөр – парсы сөзі, түріктер тамға деп атаған. Мөр – құжатты, заңды, қатынас құжаттарын растау үшін басылатын таңба. Мөрдің дәл қай заманда пайда болғанын нақты айту қиын. Себебі археологтар қазба жұмыстары кезінде сүйек, қыш, қола мен темірден жасалып, алтын, күміс, қалайы, қағазға таңбасы басылған мөрлерді әлі де тауып жүр. Ежелгі Шумер, Мысыр мен Византия аймақтарынан […]

СҰЛТАН АХУН ТУРАЛЫ

Қысқы каникулда үйге барғанымда газеттегі энциклопедияға әзірленіп жатқан тізімді ақсақалдарға, мұғалімдерге, молдаларға көрсеттім. Тұшымды және толық жауап берген 85 жастағы Дәулетбай Меңдібайұлы болды.    -Қазіргі Байғанин ол кезде Табын ауданы деп аталатын,- деп бастады ол әңгімесін. 1929 жылы Хорезм бойына көшкенге дейін сонда тұрдық. Жаз жайлауын сұрасаң Хантөрткүл мен Жем бойы. Қыс қыстауын сұрасаң Маңғыстау […]

ҚАЗАҚ МҮФТИЛІГІН АШУҒА ТАЛПЫНЫС. ДОСЖАН ХАЗІРЕТ

       Хазірет Дос­жан ишан (Досмұхаммед) Қашақұлы (1815-1890) діни ұстаз-ағартушы, ірі ойшыл, өз дәуіріндегі қоғамдық және елдік мүдделерге етене араласқан қоғам қайраткері. 19 ғасырда қазақтардың Мекке-Мәдине  шаһарларына қажылық парызын өтеу сапарларына мұрындық болған. Қазақ шежіресіне қатысты деректер жинаған. Тарихи деректерге сүйенсек, Досжан ишан 1815 жылы қазіргі Ақтөбе облысының  Доңызтау аумағында туған. Солтүстік Үстірт жазығы мен оған […]

ЗЕЙНАЛАБДИН ТАГИЕВТЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ

Зейналабдин қажы Тагиев (1823-1924) атақты меценат, миллионер. Бүкіл мұсылман әлеміне қайырымдылығы, адамгершілігі арқылы танылған тарихи тұлға. Төменде осы адамның жиі айтқан сөздерінен топтама ұсынып отырмыз. *** Құран ұстаған оң қолым дәстүрге берік болу, газет ұстаған сол қолым ілгері жүру керек екенін білдіреді. Сендер де солай жасаңдар, яғни, бір қолың сенімді, екінші қолың дамуды мықтап ұстасын. […]

БАЙЛЫҚТЫ БАҒЫНДЫРҒАН АДАМ

Гаджи Зейналабдин Таги-оглы (1823-1924) көзі тірісінде ақ аңызға айналған әзірбайжан ұлтынан шыққан миллионер, мұнайшы кәсіпкер, экономист, атақты меценат, Әзірбайжан мәдени-ағарту тарихында жарқын із қалдырған құрылысшы.  Туған жылы туралы екі-үш түрлі нұсқа бар, бірақ зерттеушілер құжаттарға сүйене отырып 1823 жылға тоқтайды. Әкесі Таги қарапайым шаруа,  аяқ киім тігуші (башмақшы), анасы Уммиханум үй шаруасындағы әйел екен. Анасы […]

ҚИССА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

«Қисса»  деп араб тілінде (قصّه) бір-біріне жалғаса беретін әңгімелерді айтады. Бұл сөзді ағылшын тіліне аударсақ – story, history болып, қазақша айтсақ «тарих»  сөзі шығады. Яғни, қисса дегеніміз өткен-кеткен тарихтан сабақ пен тағылым алып, өмір бойы кәдемізге жарайтын таным-түсінік қалыптастыру.       Мысалы, «Қисса-сүл әнбия» («Әулиелер тарихы») – Алтын Орда мемлекеті тұсында дүниеге келген діни тақырыптағы елеулі […]