Бөлекбайұлы Қалжан (Қалмұханбет) ахун (1862-1916) – дін қайраткері, дін ілімін жете меңгерген ғұлама ұстаз. Қалжан Ахунның арғы тегі Ақтөбе облысы Жаманқарғалы деген жердегі табын руынан шыққан. Әкесі Бөлекбай жігіт кезінде Қарақалпақстандағы туыстарына келіп, сол жерде үйленіп, қалып қояды. Кейін Қарақалпақстандағы қазақ жұртына басшылық жасайды. Хиуа хандығының бегі болады. 1875 жылы 90 жасында дүниеден қайтқан. Қалжан Ахун Хиуа хандағы діни мектепте, кейін 1879 жылы Көкілташта оқып білім алған. Араб, парсы, тілдерін жетік білген. Осында Сырдарияның Қорқыт Ата аймағынан келген Ораз ахун Бекетайұлымен сырлас дос болады. Қалжан Ахунның білімдарлығын танып-білген. Ораз ахун оған қызы Зәйтекті қосып, 1890 жылы оны шыққан тегі бір табындардың ортасына (Жалағаш қыстағына) алып келеді. Қалжан Ахун ширек ғасыр бойына өзінің атымен аталатын мешітте (Қалжан Ахун мешіті) имам болды. Ол патша әкім дерінің қудалауына ұшырап, түрмеге қамалған. Өз мешітіндегі қорымда жерленген.

 

Секция бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.