Блог

  • «ДОСЖАН ИШАН МЕШІТІ» ТАРИХИ КОМПЛЕКСІ
    19 ғ. екінші жартысында патшалық Ресей қазақ даласын толық құрсауға алып, отарлаудың экономикалық және рухани кезеңіне кірісті. Орынбор губерниясына қараған өңірдің қақ ортасына 1868 жылы Ақтөбе бекінісінің (1869 ж. ашылды), 1869 жылы Темір қаласының іргесі қаланды. Құрамына 17 болыс кірген Темір уезі құрылды. Қазіргі Ақтөбе облысының үштен бірі, яғни Мұғалжар, Темір, Байғанин, Ойыл ауданы түгелдей, […]
  • ҚҰДАЙДЫҢ БЕРЕРІ ТАУСЫЛМАСЫН
    Мырзабай ахунның Бұхараның медресесінде оқып жүрген баласы мезгілсіз дүние салыпты. Баланың қазасын естірту үшін Қайқы батыр, Алданазар би және Қалжан ахун үшеуі жолға шығады. Жолай үшеуі «Қазаны қайсымыз естірткеніміз жөн» деп кеңеседі. Алдымен Қалжан ахунға қолқа салып: — Сіздің ахун деген атыңыз бар. Әйгілі Көкілташта оқыдыңыз. Дін жоралғысын айтып, қазаны сіз естірткеніңіз жөн шығар, — дейді. Қалжан ахун: […]
  • ХАЗІРЕТ МӨРІ ИЕСІНЕ ОРАЛДЫ
    Қашақұлы Досжан ишан туралы бұған дейін бірнеше рет жаздық. Досжан хазіреттің қолданған мүлкінен қазір бары – Құран кітабы мен мөрі. Құран кітабын немересі Зайыт ишан ұн салған жәшіктің түбін екі қабаттап, ортасына тығып сақтаған. Ұрпақтары Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жәшіктен шығарып, төрдегі құрметті орынға қойған. Бұл кітаптың сканерден өткізілген нұсқасын https://izbasar.kz порталынан көруге болады. Мөрі […]
  • МӨРЛІ ЖҮЗІКТІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ
    Мөр – парсы сөзі, түріктер тамға деп атаған. Мөр – құжатты, заңды, қатынас құжаттарын растау үшін басылатын таңба. Мөрдің дәл қай заманда пайда болғанын нақты айту қиын. Себебі археологтар қазба жұмыстары кезінде сүйек, қыш, қола мен темірден жасалып, алтын, күміс, қалайы, қағазға таңбасы басылған мөрлерді әлі де тауып жүр. Ежелгі Шумер, Мысыр мен Византия аймақтарынан […]
  • Досжан Хазірет жайлы не білеміз?
    Күні кеше «Досжан хазірет туралы кітапша жарық көрді» деп хабарлаған едік. Хазіреттің есімі «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы ұсынған 100 нысан ішіндегі «Діни және ғұрыптық орындар» бөлімінде айтылады. Осы орайда kazislam.kz тілшісі «Досжан Хазірет» кітапшасын құрастырған тарихшы Айшуақ Дәрменұлымен сұхбаттасқан болатын. –Ең алдымен Досжан хазірет туралы кітапшаның жарыққа шығуы құтты болсын! Оқырмандарымыз біле жүрсін, Досжан ишан […]
  • ШЕЖІРЕНІ ТОЛЫҚТЫРУ КЕРЕК
    Большевиктердің 1920-30 жылдары дін өкілдерін қудалауы хазірет ұрпақтарына көп қиындық әкелген. Үлкен баласы Хабибулла 1936 жылы «халық жауы» деп ұсталып, Темір түрмесінде 1937 жылы 12 қаңтар күні азаппен өлтірілген. Ортаншы баласы Абдолла ишанды түрмеге қамап, дүние-мүлкін тартып алған. Абдолла ишан 1931 жылы қайтыс болған. Кіші баласы Аққұбаш Түйетөбеде атылған. Немересі Зайыт ишан әуелі 10 жыл […]
  • СҰЛТАН АХУН ТУРАЛЫ
    Қысқы каникулда үйге барғанымда газеттегі энциклопедияға әзірленіп жатқан тізімді ақсақалдарға, мұғалімдерге, молдаларға көрсеттім. Тұшымды және толық жауап берген 85 жастағы Дәулетбай Меңдібайұлы болды.    -Қазіргі Байғанин ол кезде Табын ауданы деп аталатын,- деп бастады ол әңгімесін. 1929 жылы Хорезм бойына көшкенге дейін сонда тұрдық. Жаз жайлауын сұрасаң Хантөрткүл мен Жем бойы. Қыс қыстауын сұрасаң Маңғыстау […]
  • ҚАЗАҚ МҮФТИЛІГІН АШУҒА ТАЛПЫНЫС. ДОСЖАН ХАЗІРЕТ
           Хазірет Дос­жан ишан (Досмұхаммед) Қашақұлы (1815-1890) діни ұстаз-ағартушы, ірі ойшыл, өз дәуіріндегі қоғамдық және елдік мүдделерге етене араласқан қоғам қайраткері. 19 ғасырда қазақтардың Мекке-Мәдине  шаһарларына қажылық парызын өтеу сапарларына мұрындық болған. Қазақ шежіресіне қатысты деректер жинаған. Тарихи деректерге сүйенсек, Досжан ишан 1815 жылы қазіргі Ақтөбе облысының  Доңызтау аумағында туған. Солтүстік Үстірт жазығы мен оған […]
  • ЗЕЙНАЛАБДИН ТАГИЕВТЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
    Зейналабдин қажы Тагиев (1823-1924) атақты меценат, миллионер. Бүкіл мұсылман әлеміне қайырымдылығы, адамгершілігі арқылы танылған тарихи тұлға. Төменде осы адамның жиі айтқан сөздерінен топтама ұсынып отырмыз. *** Құран ұстаған оң қолым дәстүрге берік болу, газет ұстаған сол қолым ілгері жүру керек екенін білдіреді. Сендер де солай жасаңдар, яғни, бір қолың сенімді, екінші қолың дамуды мықтап ұстасын. […]
  • БАЙЛЫҚТЫ БАҒЫНДЫРҒАН АДАМ
    Гаджи Зейналабдин Таги-оглы (1823-1924) көзі тірісінде ақ аңызға айналған әзірбайжан ұлтынан шыққан миллионер, мұнайшы кәсіпкер, экономист, атақты меценат, Әзірбайжан мәдени-ағарту тарихында жарқын із қалдырған құрылысшы.  Туған жылы туралы екі-үш түрлі нұсқа бар, бірақ зерттеушілер құжаттарға сүйене отырып 1823 жылға тоқтайды. Әкесі Таги қарапайым шаруа,  аяқ киім тігуші (башмақшы), анасы Уммиханум үй шаруасындағы әйел екен. Анасы […]
  • ҚИССА ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
    «Қисса»  деп араб тілінде (قصّه) бір-біріне жалғаса беретін әңгімелерді айтады. Бұл сөзді ағылшын тіліне аударсақ – story, history болып, қазақша айтсақ «тарих»  сөзі шығады. Яғни, қисса дегеніміз өткен-кеткен тарихтан сабақ пен тағылым алып, өмір бойы кәдемізге жарайтын таным-түсінік қалыптастыру.       Мысалы, «Қисса-сүл әнбия» («Әулиелер тарихы») – Алтын Орда мемлекеті тұсында дүниеге келген діни тақырыптағы елеулі […]
  • БЕСІК ЖЫРЫ ТУРАЛЫ
    Атақты Төле биден «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» деген терең сөз қалған. Жау шапқанда босқан елдің ішінде бесік арқалап бара жатқан келіншекке қарап айтқаны екен. Мұхтар Әуезов «Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе» деп жазыпты. Көп жағдайда бесікті өмірге келген сәбидің нағашы жұрты арнайы сыйлыққа […]
  • РЕПРЕССИЯҒА ДЕЙІНГІ ЯССАУИ МӘДЕНИЕТІ (Жалғасы)
    Енді ескі кітапта жазылған аңыз, қиссалар тек ата-әжелердің жүрегінде ғана сақталады. Немерелері бұрынғыдай ауыл молдасынан білім ала алмады. Тек қисса, жыр-дастан тыңдап қана ислам құндылығын санасына сіңірді. Тарихшы Назира Нұртазинаның айтуынша «Ислам тек ауылдағы шежіре, дастан, қисса, аңыз білетін қарапайым адамның аузында ғана қалды». 1932 жылға қарай атеистік бағыттағы газет-журналдар саны күрт өсті. СССР бойынша […]
  • РЕПРЕССИЯҒА ДЕЙІНГІ ЯССАУИ МӘДЕНИЕТІ – 3
    Большевиктер үшін екінші қауіпті нәрсе – Наурыз мейрамы еді. Себебі бұл күні де жұрт рухани бірігіп кететін. Сондықтан 1926 жылы Наурыз мерекесін тойлауға тиым салды. 1930 жылдан бастап Құрбан айт, Ораза айт мерекесін тойлауға тиым салды. Бұлар да большевиктер үшін қауіпті болды. Жұрт жиналып, бас қосып діни қиссалар,тарихи жырлар айтатын. Рухани бір сергіп қалатын. Сондықтан […]
  • РЕПРЕССИЯҒА ДЕЙІНГІ ЯССАУИ МӘДЕНИЕТІ – 2
    1925 жылы «Жауыққан атеизм одағы» («Союз воинствующих атеистов») құрылады. Жайлап Орта Азиядағы ишан, молда, сопыларды контрреволюционер, басмашы деп танитын үкім шығару басталды. Казкрайком 1927 жылғы 8 маусымда қатаң қаулы қабылдайды. Онда «Мұсылман дінімен күресу үшін алдымен Қазақстанды  Орта Азиядағы діни орталық, медреселерден ажырату керек. Бірде бір қазақты Самарқан, Бұқарадағы медреселерден білім алуға жібермеу керек. Билік […]
  • РЕПРЕССИЯҒА ДЕЙІНГІ ЯССАУИ МӘДЕНИЕТІ – 1
    XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында Қазақ даласындағы исламды профессор Алма Қыраубайқызы «Қазақ ренессансының қайнары» деп атаған. Себебі 1912 жылы бір ғана Алматының маңында 288 мешіт, 175 имам, 14 молда, 84 қадым медресесі, 27 жәдиттік медресе болған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде жойылған мешіт-медреселер қалпына келіп, қайта жандана бастаған кез еді. Мұны «Сопылық өрлеу кезеңі» деп […]
  • ТЕКЕ ТІРЕСТІҢ БАСЫ
    Оқиға былай басталған. СССР империясы біраз күшейіп алған соң, большевиктер құдайсыз қоғам құруға шындап кірісті. 1925 жылы «Жауыққан атеизм» («Воинствующий атеизм») ұйымын құрды. Басшы етіп Емельян Ярославский есімді атеист ғалымды тағайындады. Ол сол жылы Сталиннің алдына арнайы ұсыныспен кіреді. Ұсыныс: СССР аймағындағы Ислам дінін тамыр-тұқиянымен жою. Жобаны жүзеге асыру үшін жоспарды үш кезеңге бөлді: 1. […]
  • “Досжан ишан мешіті” ескерткішін қамқорлыққа алу жұмыстары басталды
    Досжан ишан Батыс Қазақстан аумағында ислам дінін таратуды жаңа, биік деңгейге көтерді. Ол — аймақ қазақтарының арасында қажылық сапарды ұйымдастыру, араб елінде, Меккеде қажыға барған қазақтардың түсетін тәкия үйін салдыру, «Қазақ шежіресін» құрастыру және ХІХ ғасырдың 80-жылдары отарлаушы үкіметтен «қазақтар үшін бөлек мүфтилік» талап ету, т.б. аянбай еткен еңбегі арқылы тарихта қалған тұлға. Өз заманында […]
  • Бала тәрбиесі жөнінде
    Стресс туралы ілімнің негізін салушы канадалық физиолог Ганс Сельенің айтуынша, ол барлық адам бойынан көрініс табатын табиғи ахуал. Стресс – депрессияның алдында болатын қиындықтың алғашқы соққысына дененің реакция танытуы. Ол белең алған кезде адам әлсіреп, жүйкесі жұқарады және ол өрши келе депрессия деп аталатын қатерлі деңгейге көтеріледі. Ондай сәтте өмірден түңілген пенде өзіне қол жұмсауға […]
  • ЖАҚСЫ ӘКЕГЕ ҮШ КЕҢЕС
    БАЛАҒА ҚОНАҚ КҮТУДІ ҮЙРЕТУ КЕРЕК! Баланың көпшіл, қонақжай болып өскені жақсы. Балаға келген қонақтың қамын жасауды әкесі айтып, үйретуі керек. Сонда бала өзін сол үйдің егесі, әкесінен кейінгі бас көтерер азаматы ретінде сезіне бастайды. Мысалы, балаға мына сөздерді айтып, оны үлкендерді сыйлауға үйрете беріңіз: 1. «Балам, қонақтың алдынан шық»  2. «Балам, үлкен кісілердің киімін ал»  […]
  • Атам қазақта имандылық пен иман ұғымдары
    Қазақта имандылық адамгершілік, ізгілік қасиеттерді білдіреді. Имандылықтың мұндай мағынаны білдіруі қазақтың мұсылман болуынан туындаған. Имандылық сөзі иманнан шыққан. Иман – жүректегі нұр, имандылық соның сыртқы пішіні. Имандылық – Алла Тағалаға иман еткен адамнан туған көркем мінез. Имандылық көркем мінезі әрбір мұсылманның бойынан табыла бермейді. Өйткені, кейбір кәпірдің сипаты кәпір сипаты болмағаны секілді, әрбір мұсылманның сипаты […]
  • Иман мен имандылық хақында
    Қазақта иман мен имандылық бір ұғым ба? Осы сөздерді қазақ қалай түсінеді… Қазақта имандылық сөзі, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді білдіреді. Имандылықтың мұндай мағынаны білдіруі қазақтың мұсылман болуынан туындаған. Имандылық сөзі иманнан шыққан. Иман – жүректегі нұр, имандылық соның сыртқы пішіні. Имандылық – Алла Тағалаға иман еткен адамнан туған көркем мінез. Имандылық мінезі әрбір мұсылманның бойынан табыла бермейді. Өйткені, кейбір кәпірдің сипаты кәпір сипаты […]
  • ҚҰРАН ЖАЙЛЫ 31 ДЕРЕК
    1. Құран – Алланың сөзі, мұғжиза кітап. Мұның дәлелі – Құранды жеткізуші Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жазуды да, оқуды да білмеген. 2. Құран – «оқу» деген мағынаны білдіретін «қираа» сөзінен шыққан. Бұдан «қырағат» деген сөз шығады. Яғни, Құран – «оқу», «көп оқу» деген мағынаны білдіреді. Расында, Құран көп оқылатын кітап. 3. […]