Әбжанұлы Шаймерден (Шәкен) ишан (19-20 ғғ.). Руы – табын. Хорезмде 7 жыл оқып келген. Қобданың Сарытоғай ауылында мешіт-медресе салдырып, бала оқытқан. 1928 жылы большевиктер мешіттің мұнарасын құлатқан. Ишан бірнеше жыл айдауда болып, елге оралған соң 82 жасында марқұм болған. Ақтөбе-Қобда жолының бойында, қаладан 50 км жерде, жолдың оң жағындағы қыратта жартылай құлаған мешіті тұр.

 

Секция бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.