Досжан ишан

[vc_row][vc_column][vc_single_image image=”823″ img_size=”full”][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_column_text]

Досжан ишан

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАМЫН ОЙЛАҒАН ХАЗІРЕТ

[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_empty_space][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column width=”1/2″][vc_column_text]XIX ғасырда Батыс Қазақстанда да ислам дінін таратуда өлшеусіз еңбек еткен тұлғалар көп болған. Солардың ішінде халық арасында танымал Досжан ишан (1815 –1890 жж.) да бар.
Жақында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар аясында Темір ауданының әкімдігінің бастамасымен және қажының Алматы қаласы, Ақтөбе, Маңғыстау өңірлерінде, Өзбекстанда тұратын ұрпақтарының қолдауымен Ақтөбе облысының Шұбарқұдық кентінде Досжан қажының 200 жылдығына арналып үлкен ас берілді.[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/2″][vc_column_text]

Кезінде қажылыққа үш рет сапар шеккен қоғам қайраткері, ағартушы, ойшыл Досжан ишан Қашақұлы

[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_separator][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column width=”1/2″][vc_column_text]

Досжан 1831 жылы, яғни он алты жасында бірінші рет Меккеге қажылыққа барған.

1832 жылы Меккеден 17 жасында жас хазірет деген атпен Құран-кәрімді, мұқтасарды тауысып, жатқа оқитын болып елге оралады.

Ағартушылық саладағы ең алғаш салдырған мешіті Ақтөбе өңіріне қарайтын Сам құмының етегіндегі Тасастау қайнар маңындағы Қарашың деген жерде екен. Кердері Әбубәкірдің жырында осы өңірде Досжан ишанның мешітінде сандаған шәкірт білім алды деп көрсетіледі.[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/2″][vc_column_text]Мәшһүр-Жүсіп Көпеев 1850-60 жылдары қажылыққа барған қазақтарды атаған кезде Досжанды «Халфе» деп көрсетеді. Софылықта бұлай деп ірі шайхтың өзі отырған жерінен шеткері аймақтағы көмекшісін айтады. Ендеше Қарашың мешіті Бұхар мешіт-медреселері сияқты таза софылық үлгідегі қадыми орталық болған деу керек.

Кердері Әбубәкір Досжанның Тасастау-Қайнарда көп жыл, яғни 1868 жылға дейін отырғанын тілге тиек етеді. Хазірет өмірінің осы кезеңіне қатысты үлкен бір мәліметті Мәшһүр-Жүсіптің белгілі «Қазақ шежіресі» еңбегінен ұшыратамыз. Қазақтардың үлкен бір тобы 1858 жылы Меккеге қажылыққа барғанын айта келіп: «Орта жүзден жиырма кісі болыпты. Кіші жүзден табандаған жүз кісі болыпты. Ішінде Нұрпейіс хазірет, Досжан халпе бар дейді», деп жазады.[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_separator][vc_raw_html]JTVCdW5pdGVnYWxsZXJ5JTIwdGVzdGdhbGxlcnklNUQ=[/vc_raw_html][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column width=”1/6″][/vc_column][vc_column width=”2/3″][vc_column_text]

Баршасы үшбулардың пірім деді,
Хазірет ақылы дана, білімді еді.
Патшадан қазақ үшін мүфти сұрап,
Өзінен халық қамын бұрын жеді.

Әбубәкір Кердері, Кіші жүз Жетіру тайпасының Кердері руы ақыны, Досжан ишан жайында[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/6″][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_raw_html]JTVCdW5pdGVnYWxsZXJ5JTIwcGlwbGUlNUQ=[/vc_raw_html][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_separator][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column width=”1/3″][vc_column_text]Бұл кезеңдерде кіші жүздің тарихында көзге түсерлік көрнекті төрт көтеріліс өткен. 1785-1800 жылдар аралығындағы Сырым Датовтың көтерілісі, 1830-1845 жылдардағы Исатай-Махамбет көтерілісі, 1850-1860 жылдардағы Жаңқожа Нұрмағанбетұлы мен Есет Көтібарұлының қозғалысы және төртіншісі 1869-1870 жылдардағы Орал, Торғай қазақтарының жаңа шыққан Дала низамына көнбейміз деп жасаған көтерілісі.[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/3″][vc_column_text]Бұл көтерілістің үшеуі Досжан хазіреттің тұсында болған және бұл аттаныс ереуілдердің кезі болашақ діни тұлға ел ағасының оң мен солын танып қалған шағында болған.
Түрікпенмен шекаралас жатқан аймақтан Хазіреттің Ойыл өзенінің бір саласы Шиліге көшуіне осы тарихи оқиғалардың да әсері болды деген әңгіме бар. Оған қоса көзі ашық, оқыған хазірет сол кезде ірі сауда орталығы болғалы тұрған Қарақамысқа жақындауды да жөн көрген тәрізді.[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/3″][vc_column_text]1868 жылы осы өңірге келген Досжан хазірет Шилі бойын таңдап, мешіт салуға бағыттала бастайды. Бірман деген ұстаны тауып онымен келісім жасайды. Мешіттің қандай болу керектігін шешкеннен кейін, құрылыстың негізгі жұмысына халық болып көмектеседі. Асарлатып тез арада бітіреді.[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_separator][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_column_text]

Ойылдың көшіп келді Шилісіне,
Асыл зат тәбәріктің милысына.
Келген соң мешіт салып, ғылым ашты,
Құдайым жолықтырды игісіне.

Әбубәкір Кердері, Кіші жүз Жетіру тайпасының Кердері руы ақыны, Досжан ишан жайында

[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_separator][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column width=”1/4″][/vc_column][vc_column width=”1/4″][vc_single_image image=”1554″ alignment=”center” onclick=”custom_link” img_link_target=”_blank” link=”http://geo.smartaqmola.kz:60/4/”][vc_column_text]

Досжан ишан кешенінің қазіргі көрінісі

[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/4″][vc_single_image image=”1656″ alignment=”center” onclick=”custom_link” img_link_target=”_blank” link=”http://geo.smartaqmola.kz:60/1/”][vc_column_text]

Досжан ишан кешенінің болашақ көрінісі

[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/4″][/vc_column][vc_column][vc_separator][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column width=”1/2″][vc_column_text]

“1872 жылы қажыға барғанда қазақ қажылары түсетұғын Меккеде бір тәкия үй салдырып құдайы қылып еді. 1905 жылдан бастап 1906 жылға қарай қажыға барғанда тәкияны көрдім… бұл тәкия осы күні Кіші жүз Досжан хажының атына жазулы екен”

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қазақ-қырғыз һәм хандар шежіресі» дейтін еңбегінде айтылған

Досжан ишан бір мәліметтерде XIX ғ-дың ортасында әлім руынан шыққан Нұрпейіс ишанмен бірге, енді бірінде 1874 ж. Құнанбаймен бірге Меккедегі қонақүй салған.[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/2″][vc_column_text]Сонымен бірге Досжан ишан Ақтөбенің Доңызтау өңіріне кеңінен танымал Жұмағали ахунның қайын атасы. Жұмағали ахун Әл-Азһар университетінде оқып жүрген кезде әкесі Оразалы ишан қайтыс болады. Оқуын жалғастыруға қаржысы болмаған Жұмағали жергілікті араб азаматымен келісімшарт жасауға мәжбүр болады. Келісімшартқа сәйкес, Жұмағали оқуын бітіргеннен кейін араб азаматының медресесінде сабақ беруі керек болады. 1874 жылдардың орта шенінде меккеге қажылық сапармен Досжан Қашақұлы барады және медресені енді бітіргелі жатқан Жұмағалидің жағдайын естіп, онымен кездеседі.

Келісімшарт жасасқан араб азаматымен де сөйлесіп, Жұмағалидің оқуына кеткен қаражатын өтеп береді. Осылайша Досжан хазірет жас ғұлама жігітті елге алып қайтады. Досжан хазірет Шұбарқұдықта өзі салдырған мешітке Жұмағалиді имам етіп тағайындайды да, өзінің жалғыз қызы Үммагүлсімге үйлендіреді. Досжан хазіреттің Жұмағали мен Үммагүлсімнен тараған Жиенғали есімді жиені бар.[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_separator][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column width=”1/3″][vc_column_text]Досжан ишанның екінші қажылық сапары 1870-74 жылдар аралығы делінеді. Бұл сапарында патша ағзамның сенімді нөкері, кавалерия генералы Ғұбайдолла (Жәңгірханның ұлы) императордың жеке рұқсат етуімен және Құнанбай Өскенбайұлының сапарымен бірге, яғни 1872 жылы 28 желтоқсаны мен 1873 жылдың 27 ақпаны аралығында Меккеге қажылық сапарда болып қайтады. Бір деректерде, хазіреттің екінші қажылық сапарында тәкия салуға берік бекініп барғаны айтылады. Ойын Құнанбаймен бөлісіп жер, құрылыс материалын сатып алады, ресми қағаздарын реттейді. Қағаз реттеуге шыққандарында үлкен кедергіге душар болады.[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/3″][vc_column_text]Сол кездегі араб билеушілері: «Ау, көз көріп, құлақ естімеген алыстан келген қазақ деген жұрттың мұсылман екенін дәлелдейтін құжат әкеліп тапсырыңдар» деп талап қояды. Талапты орындауға бір жыл мерзім береді. Досжан бұл құжатты ел кезіп, сарсылып іздеп жүріп, тек Қазаннан тапқан деседі. Бұқараға апарып растайтын мөр соқтырған. Сөйтіп, арабтарға дер кезінде жеткізген. Үй дайын болған кезде Құнанбай қажы: «Досжанның еңбегі де көбірек сіңді, қаржысы да көбірек жұмсалды, сондықтан тәкияны соның атымен атаған дұрыс», – деп ризашылығын беріпті деген сөзі де бар.[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/3″][vc_column_text]Жасы ұлғайып үшінші қажылық сапарынан оның елге оралып, Шилі бойына келген сәтін Кердері Әбубәкір өлеңіне қосады. Бұл жерде хазіреттің алпыс екі түрлі тұқым еккен бағбандығы егжей-тегжейлі жырланады. Хорезм (Хиуа) хандығынан тұқым әкеліп, жеті түрлі алма ағашын, жүзім шыбықтарын еккендігі туралы сөз болады. Кезінде жеміс-жидек отырғызуға жер сұрап Орынбор губернаторының қабылдауын күтіп Досжан бабамыздың үш күн жатып, оның қабылдауында болып, жер мәселесін шешіпті деген дерегін жоғарыдағы істер нақтылай түседі.[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_separator][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column width=”1/3″][vc_row_inner][vc_column_inner][/vc_column_inner][/vc_row_inner][/vc_column][vc_column width=”1/3″][vc_column_text]

 Досжан ишан ұрпақтарын осы сілтемеден көре аласыз

[/vc_column_text][/vc_column][vc_column width=”1/3″][vc_single_image image=”1375″ img_size=”65×120″ onclick=”custom_link” img_link_target=”_blank” link=”http://geo.smartaqmola.kz:60/4/”][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_separator][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_column_text]2015 жылы қыркүйек айының 17-18 күндері Ақтөбе облысының Темір аудандық әкімшілік орталығында, Шұбарқұдық кентінде, салтанатты түрде Досжан Қашақұлының 200 жылдық мерейтойы аталып өтті. Кең көлемдегі мерейтойды өткізу бастамасы хазіреттің ұрпақтары мен аудандық әкімшілікке тиесілі. Мерейтой қазақ жерінің түкпір-түкпірінде қолдау тапты. Мысалы, маңғыстаулықтар 5 киіз үй тіксе, Астана және үш көрші облыс, оған қоса Алматы және Оңтүстік Қазақстан өңірлері мен облыс аудандарының делегациялары келді.
Қазір Ақтөбе қаласында Досжан хазірет атында көше бар.

Хазірет Досжан Ишан жайлы толығырақ ақпаратпен келесі сілтемелер бойыншы таныса аласыздар:

1.Досжан Қашақұлы

2. Увековечить имя ишана(ФОТО)

3. Табын Досжан хазірет бабамыздың 200 жылдық асы 2015 жыл [1-бөлім]

4. Табын Досжан хазірет бабамыздың 200 жылдық асы 2015 жыл [2-бөлім]

5. Досжан хазірет

6. Досжан хазірет, Майлықожа ақын секілді асылдар неге еленбейді?

7. Досжан Хазірет қорымына қамқорлық керек

8. Основы воспитания личности через религиозное образование в Казахстане: история и современность

9. Хазірет Досжан ишанның исламдық жолы

10. Қазақтың қамын ойлаған хазірет

11. «Дін және қоғам қайраткері Досжан ишан Қашақұлы және Ақтөбе өңіріндегі діни қайраткерлер мен діни нысандар» атты ғылыми-танымдық конференция

12. Досжан Қашақұлы кім?

13. Досжан ишан мешіті

14. Құнанбаймен Меккеде қонақүй салдырған, қажылыққа үш рет барған Досжан хазірет

15. «Дін және қоғам қайраткері Досжан ишан Қашақұлы және Батыс Қазақстандағы діни қайраткерлер мен діни нысандар» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция

16. Тарих факультетінің оқу ғимаратына діни ағартушы, ұстаз, қоғам қайраткері Досжан Қашақұлы есімі беріледі

17. Досжан хазретке кабинет ашылды[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_column_text]


[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]