ҚҰДАЙДЫҢ БЕРЕРІ ТАУСЫЛМАСЫН

Мырзабай ахунның Бұхараның медресесінде оқып жүрген баласы мезгілсіз дүние салыпты. Баланың қазасын естірту үшін Қайқы батыр, Алданазар би және Қалжан ахун үшеуі жолға шығады. Жолай үшеуі «Қазаны қайсымыз естірткеніміз жөн» деп кеңеседі. Алдымен Қалжан ахунға қолқа салып: — Сіздің ахун деген атыңыз бар. Әйгілі Көкілташта оқыдыңыз. Дін жоралғысын айтып, қазаны сіз естірткеніңіз жөн шығар, — дейді. Қалжан ахун: […]