Құлбайұлы Ыбырайым ахун (1886-1982). Руы – қараш адай. Қазіргі Байғанин ауданында туған. Ахундық атақты жиырма бес жасында Хиуада алған. Дін, имандылық туралы толғаулар жазған. Досжан хазіреттің шежіресін Ыбырайым ахун 1920-1938 жылдар төңірегінде жыр-дастанға негіздеп қайта жазып шыққан. Сол шежірелік нұсқада:
Табында талай асқан бар,
Дариядай тасқан бар,
Үй салдырған Меккеден,
Қашақтың ұлы Досжан бар…, – деп толғайды Ыбырайым ахун.
Ыбырайым ахун Мырзашөлде 1982 жылы 2 қаңтар жұма күні қайтыс болды.
Секция бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.