Үмбетұлы Қожахмет ишан (1856-1934). Руы – қожа. Үш жүздің пірі атанған Мүсірәлі қожаның алтыншы ұрпағы. 1893 жылы Қарабұтақ өңірінде мешіт-медресе салдырып, бала оқытқан. 1912 жылдары Ырғыз уезінің мұхтасиб имамы болған. Қабірі Қарабұтақ ауданында. Мешітте ұстаз болған баласы Әбдіғани (1902-1937) Ақтөбеде атылған.

 

Секция бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.