Нүкешұлы Нәби ишан

Нүкешұлы Нәби (1859-1937). Ауыл мектебінен сауат ашып, Мәдинеде діни жоғары білім алып, ишан атағына ие болып, Ырғыз уезіне қайтып келіп, Құрылыс ауылында, Жамантұзда мешіттер салуға халықты жұмылдырып, ауыл балаларын оқытумен қатар, халықтың имандылық сауатын ашқан. Нәби ишан Құранды жеік білген. Араб тілінде жазылған кітаптарды сөзбе-сөзқазақшаға аударып, түсіндіре білген.