Оразалыұлы Жұмағали ахун (1860-1905). Руы – табын, ажым. Атасы Ербатыр ишан, әкесі Оразалы ишан. Уфаның «Ғалия» медресесін үздік бітіріп, Мысырдағы Әл-Азхар университетінде білім алған. Ол әкесі өлгеннен кейін ақшадан тарығып жүргенде оның алғырлығын, білімді екенін естіген арабтың бір байы оқуының ақшасын төлеп, оқуын бітірген соң өз мешітінде қызмет жасауға келісімшарт жасасады. 1874 жылы қажылыққа барған Досжан хазірет қазақ шәкірт туралы естіп, іздеп барады. Араб байымен келісіп, оны разы етіп, Жұмағалиды еліне алып қайтады. Оны өзі салдырған мешітке имамдыққа тағайындайды. 1892 жылға дейін әрі имам, әрі мүдәрріс қызметін атқарған Жұмағали ахун хазіреттің қызы Үммагүлсімге үйленеді. Ахун араб, парсы, түрік, орыс, француз тілдерін білген. Доңызтаудың ақсақалдары хазіреттен Жұмағали ахунды ұстаздыққа сұрайды. Хазірет батасы мен рұхсатын беріп шығарып салады. Доңызтаудың Тасқабақ деген жеріне жаңадан мешіт-медресе салдырып, бала оқытады. 1890 жылдары Ресейдің миссионерлік саясатына қарсы болып Петербург қаласына бірнеше рет барады. «Пантюркист» деп түрмеге де жабылған. Әйелі екеуінің бейіті Тасқабақ мешітінің жанында.
Секция бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.