Сәндібайұлы Абдолла ишан

Сәндібайұлы Абдолла (1870-1930). Қазіргі Әйтеке би ауданында діни орталық ашып, бала оқытқан.Діни білімді қай жерден алғандығы туралы деректер кездеспейді. 1929 жылы кеңес үкіметі ишанды тұтқындап, Қара теңіз жаққа абақтыға алып кетеді. Бір өткен соң ишан қайтыс болып, денесі теңізге тасталған. Бұл жағдайды абақтыға бірге болып, өз көзімен көрген, айдаудан аман қайтқан кісі жақындарына баяндап берген. 1929 жылы мешіт тонауға түсіп, қабырғалары бұзылған. Иаш мешіт-медресесінің ізі жойылған.