Сарқұлұлы Кәрімберген  хазірет (1886-1974). Руы – тарақты табын, сармантақ. Жұмағұл хазіреттің шәкірті, кейін Бұхарада оқыған. Өтешсай ауылында мешіт-медреседе бала оқытқан. Он жыл Сібірде айдауда болып, кейін ақталған. Емшілік, көріпкелдік қасиетімен айналасына көп жәрдемі тиген. Түркістан қаласына діни мәжілістерге жиі барып тұрған. Қабірі Қобда ауданының Жарық ауылында.

 

Секция бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.