Сексенұлы Сұлтан ахун (1867-1935). Руы – табын, жалпақтыл, оқшы, бесарық. Әкесі Сексен ахун Бұхарадан оқу бітірген. Ащыбұлақта мешіт салып, бала оқытқан. Сауатын әкесінен ашқан Сұлтан Хиуада Хурбияз медресесін тәмамдаған. Ахун дәрежесімен елге келіп, әкесінің орнына ұстаздық еткен. 1932 жылы Сұлтан ахун елмен бірге Қарақалпақ жеріне көшеді. Сол жақта молда ретінде ұсталып, Хожелі түрмесінде қайтыс болған. Қабірі Хожелінің Пристань деген жерінде.

 

Секция бойынша жұмыс жақын арада аяқталады.